Астанада Еуропалық Одақ - Қазақстан кіші комитетінің кезекті отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Еуропалық Одақ - Қазақстан кіші комитетінің кезекті отырысы өтуде

Астанада Еуропалық Одақ - Қазақстан кіші комитетінің кезекті отырысы өтуде

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада заңдылық және құқық пен тәртіп жөніндегі "Еуропалық Одақ - Қазақстан" кіші комитетінің алтыншы отырысы өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Қазан 2007
  • 434
Фото - Caravan.kz

Отырыс аясында лаңкестікке, адам саудасына, заңсыз көші-қонға қарсы тұру, сыбайлас жемқорлыққа және заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес мәселелері бойынша ынтымақтастық перспективалары талқыланады.

«Жалпыға ортақ қауіп-қатерлерге, соның ішінде көші-қон, халықаралық қылмыс, заңсыз есірткі айналымына қарсы тұру салаларында күш біріктіру қажет», — деді кіші комитеттің тең төрағасы, Еуропалық комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Андриан ван дер Меер. «Осы мәселелер бойынша өзара қарым-қаныасқа артықша серпін беруді қалар едік», — деді ол.

Келіссөздер барысында бұған қоса Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі стратегиясының жүзеге асырылу барысы, соның ішінде оның заңдылық, құқық пен тәртіпке қатысты қырлары, сондай-ақ, Еуропалық Одақтың есірткі саудасымен күрес бағдарламасы мен шекараны басқару бастамасын ілгерілету мәселелері талқыланады. «Біз үшін шекараны интеграциялық басқару, бірінші кезекте, сауда-саттыққа бір уақытта қолдау көрсете отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді білдіреді»», — деді А. ван дер Меер.

Өз кезегінде Қазақстан жағы сот жүйесін жетілдіру, сондай-ақ, заңдылықты сақтау, құқық пен тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық бастамаларды жүзеге асыру саласында жасалған қадамдар жөніндегі жан-жақты шолуды таныстырды.

Заңдылық және құқық пен тәртіп жөніндегі «Еуропалық Одақ — Қазақстан» кіші комитеті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2002 жылы құрылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті