Астанада HOWO көлігі қағып кеткен жүргінші қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада HOWO көлігі қағып кеткен жүргінші қаза тапты

Астанада HOWO көлігі қағып кеткен жүргінші қаза тапты

Астанада HOWO жүргізушісі  жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінен.

  • 21 Сәуiр 2016
  • 342
Фото - Caravan.kz

Жол-көлік апаты 20 сәуірде сағат 15.00-де орын алды.

«50 жастағы HOWO маркалы көлікті басқарып келе жатқан «К» есімді жүргізуші Тұран даңғылы мен Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында  1962 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйел реттелетін жаяу жүргіншілер жолымен бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолды кесіп өткен»,- делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алынған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қаза тапты.


Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

Полиция қызметкерлері  жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.