Астанада "Іздестіру" атты іс-шараның барысында бұрын жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 15 адам ұсталды - Астана қалалық ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Іздестіру" атты іс-шараның барысында бұрын жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 15 адам ұсталды - Астана қалалық ІІД

Астанада "Іздестіру" атты іс-шараның барысында бұрын жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 15 адам ұсталды - Астана қалалық ІІД

Астана. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астанада шілденің 21 мен 27 аралығында жүзеге асырылған "Іздестіру" атты іс-шараның барысында бұрын жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 15 адам ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің криминалдық полициясы басқармасының бастығы Марат Төлебаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Шiлде 2008
  • 328
Фото - Caravan.kz

«Криминалдық полиция қызметкерлерінің жүзеге асырған шараларының барысында 15 қылмыскер, соның ішінде Өзбекстанның құқық қорғау органдары қарақшылық шабуылы үшін іздестіріп жатқан Рустамов есімді азамат ұсталды,- деді М. Төлебаев.

Сонымен бірге осы уақытта Астана қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 2007 жылдан бері кісі өлтіргені үшін іздеуде болған Саликов есімді азаматты қолға түсірді. Одан «ПМ» маркалы жауынгерлік тапанша мен оның 11 оғы тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті