Астанада кәмелетке толмаған балаға спирт сатқан дәріханашы жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада кәмелетке толмаған балаға спирт сатқан дәріханашы жазаланды

Астанада кәмелетке толмаған балаға спирт сатқан дәріханашы жазаланды

Астанадағы дәріханалардың бірінде кәмелетке толмаған балаға этил спиртін сатқан дәріханашыны сот жауапқа тартты, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз хатшысы. 

  • 20 Қазан 2017
  • 242
Фото - Caravan.kz

Ағымдағы жылдың тамыз айында дәріханашы кәмелетке толмаған балаға төрт бөтелке этил спиртін сатқан. Полиция "ҚР алкогольді өнімдерін сату жөніндегі ҚР заңнамасындағы талаптарды бұзу" әкімшілік бабына сәйкес дәріханашыға қатысты хаттама толтырды. Сот отырысында дәріханашы жасалған ісіне өкінішін білдірді. Соттың шығарған үкіміне сәйкес ол 10 АЕК (22 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл төлеп, бір айға лицензияның әрекет етуі тоқтатылды.

Сот дәріханашының денсаулығы мен кәмелетке толмаған екі баласының болуына байланысты, айыппұлдың көлемін 30 % азайтты. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 


 

Соңғы жаңалықтар