Ағымдағы жылдың маусым айында Астана қалалық ІІД-іне шағымдана келген бір бір ЖШС директоры «белгісіз біреулердің өзінен 75 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны бопсалағанын» жеткізген.
Оның айтуынша, «жұмыс күні компанияның кеңсесіне басып кірген бір топ адам ұйымды шығынға ұшыратуы кәдік шартпен өзара ынтымақтастықты талап еткен».
«Мәмілеге келе алмайтынын білген қылмыскерлер фирманың құрылтай құжаттарын, таңбасын, кәсіпкердің автокөлігі мен қолма-қол ақшасын иемденіп алып кетіп қалған. Бірақ олар осымен шектеліп қалмаған. Мұндай әрекеттерден кейін жәбірленуші тәртіп сақшыларына жүгінеді деп ойлаған олар оны күшпен көлікке отырғызып, қаланың сыртына алып шығып, соққыға жыққан, өзі ғана емес отбасы да зардап шегетінін айтып қорқытқан», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бірақ қылмысты жасырып қалғысы келмеген кәсіпкер құқық қорғау органына хабар берген. Бірнеше күннен кейін күдіктілер ұсталып, тергеу абақтысына қамалды. Олардан «Оса» тапаншасы, компания құжаттары мен жәбірленушінің «БМВ» көлігі табылып тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті