Астанада кейбір автобустардың жүру бағыты өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада кейбір автобустардың жүру бағыты өзгерді

Астанада кейбір автобустардың жүру бағыты өзгерді

Астанада №9 және №23 автобустардың бағыты өзгерді.

  • 3 Желтоқсан 2013
  • 329
Фото - Caravan.kz

№37 бағыттағы автобустың тоқтатылуына орай және Жібек жолы мен Интернациональный тұрғын алабтарын көлік қызметімен қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап №9 және №23 автобустардың бағытын өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы astana.kz сайтына Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

Бұдан былай №9 бағыттағы автобус «Т/ж вокзалы» бастапқы аялдамасынан шығысқа қарай Абылай хан даңғылының бойымен «Травматология және ортопедия ҒЗИ» дейін өзгеріссіз, одан әрі — Абылай хан даңғ. — Рысқұлбеков к-сі — Құдайбердіұлы к-сі — Қошқарбаев даңғ. — Қарағанды тас жолы — Армандастар к-сі (Интернациональный т/а) — Көксай к-сі — Интернациональный т/а шығатын жол — Қарағанды тас жолы — №37 автобустың бағыты бойынша Жібек жолы т/а кіретін жол — соңғы аялдама «Жібек жолы т/а».

Автобустың кері қайту кестесі де осындай (Кенесары к-сі — Жеңіс даңғ.- Сейфуллин к-сі).


№23 бағыттағы автобустың қозғалыс кестесі: «Т/ж вокзалы» бастапқы аялдамасынан шығысқа қарай Абылай хан даңғылының бойымен «Травматология және ортопедия ҒЗИ» дейін өзгеріссіз, одан әрі Абылай хан даңғ. — Манас к-сі — соңғы аялдама «Аймақаралық аудандық аурухана». Автобустың кері қайту кестесі де осындай.