Өз анасы өзектен тепкен бейкүнә бала осы. Қазір қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Тастанды сәбиді түнде қоқыс төгуге шыққан қала тұрғыны тауып алған. Ер-азамат қалдықтар үйіндісінің жанына жақындай бергенде пакеттің ішінен шыққан шақалақтың шырылын естіген. Дереу полиция мен жедел жәрдем шақыртқан. Қазір баланың өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.
Әсел Шаймерденова, Астана қаласы №1 балалар ауруханасының дәрігері:
— Әзірге баланың жағдайы ауыр. Туылғанына бір-екі сағат қана болғанын байқадық. Далада жатып жаурап қалған. Кіндігі де дұрыс кесілмеген, соған қарағанда анасы үйде босанған болу керек.