Астанада көлігімен оқушыны басып өлтірген келіншек жылап тұрып кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада көлігімен оқушыны басып өлтірген келіншек жылап тұрып кешірім сұрады

Астанада көлігімен оқушыны басып өлтірген келіншек жылап тұрып кешірім сұрады

Жүкті болғаны ауыр жазадан құтқарды. Астанада қымбат джипімен оқушыны қағып өлтірген келіншек 2 жыл 6 айға сотталды. Бірақ, босануға айы-күні жетіп отырғандықтан судья жеңілдік жасап жазасын 1 жылдан соң өтеуге үкім шығарып берді. Ал кінәсін толық мойындаған әйел марқұмның анасынан сотта жылап тұрып кешірім сұрады.

  • 10 Қараша 2015
  • 324
Фото - Caravan.kz

Балаңыздан айырылу сіз үшін үлкен трагедия. Мен үшін де солай. Бұл өксікпен өмір бойы өмір сүремін. Кешіріңізші мені….

32 жастағы Айман Сәкенова қоныс колониясына екінші сәбиін босанып бөбегі 1 жасқа толған соң  аттанады. Алдағы 5 жылда рөлге отыруға, соттың рұқсатынсыз қала аумағынан шығуға да қақы жоқ. Жәбірленуші тарап материалдық және моральдық шығынын 17 миллионға бағалаған. Алайда, бүгін судья 5 миллион теңге жеткілікті деген тоқтамға келді. Естеріңізге салсақ, 25-ші мамырда 12 жастағы Данияр Бұсырмановты Ленкдрузер Прадоны тақымдаған келіншек тура жүргіншілер жолағында басып өлтірген. Бір үйдің жалғызы, оқу озаты сол қаралы күні су добынан Ресейде өтетін халықаралық жарысқа дайындалып жаттығудан қайтқан беті екен. Ал үкіммен келіскен марқұм ұлдың туыстары екіқабат келіншек босанып 1 жыл өткен соң жазасын өтеуін тексеріп отырмақ. 

Соңғы жаңалықтар