Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Ғимаратқа кіре алмағандар сыртында жиналып қалды.
"Қауіпсіздік қызметі иесіз сөмкені тапқан. Күзетші дереу (13:55-те) полицияға хабарласқан. Қауіпсіздік шаралары үшін ғимарат аумағы қоршауға алынып, ХҚКО қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды.
Тексеру барысында қауіпті ештеңе табылмады", — деді Астана полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.
Оның айтуынша, полицейлер қоршауды алып тастаған. Әзірше сөмке иесі табылмаған.
Нақтыланған мәлімет бойынша, ХҚКО штат тәртібінде жұмыс істеп жатыр.
