Шенеуніктің сенаторларға айтып отырғаны, міне мына мәйітхана. Жарты ғасыр бұрын салынған ғимараттың сыртқы келбеті өзінше бөлек әңгіме. Біраз жылдан бері күрделі жөндеу дегенді мүлдем көрмеген. Тіпті ғимарат ішінде желдеткіштердің дұрыс жұмыс істемеуінен марқұмдардың зәрі мен қанын зерттейтін құрылғылар да біртіндеп істен шығып қалған. Орталықтың ішкі жағдайын журналистерге толығымен көрсетуге мәйітхана басшылығы үзілді-кесілді қарсы болды. Сондай-ақ мұнда әлі күнге дейін 38 сарапшы маман да жетіспейді екен. Салдарынан, бұған дейін 1 аптада дайын болатын құжаттар, 1 ай ішінде ғана беріліп жатыр. Осының бәрі өз кезегінде тергеушілердің де жұмысына кері әсерін тигізіп жатқан болуы керек, Ішкі Істер министрі тез арада мәйітханалардағы проблемалар шешілмесе, болашақта Астанада өлген адамдардың денесін сақтайтын орындар мүлдем тапшы болады дейді.
Ерлік Кененбаев, ҚР Ішкі істер вице-министрі:
— Сот-сараптама орталығының Астанадағы филиалына айына 130-150 мәйіт түседі. Негізі ол жер 10-15 мәйітке арналған. Мұндай жағдайда техникалық, санитарлық норма туралы қандай әңгіме айтамыз? Орталықта сараптама мамандары жетіспейді. Соның кесірінен біздің тергеушілер оқиға орындарына жалғыз барып, өздері бақылау жасайды.