Астанада мас жүргізуші аялдаманы соғып, көлік тұрағына кіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мас жүргізуші аялдаманы соғып, көлік тұрағына кіріп кетті

Астанада мас жүргізуші аялдаманы соғып, көлік тұрағына кіріп кетті

Көлік жүргізушісі мас күйде болған.

  • 31 Қазан 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Астанада жүргізуші жылдамдықпен аялдаманы соғып, көлік тұрағына кіріп кетті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде жүргізушінің күрт айналғаны, аялдамаға соғылып, көлік тұрағына кіріп басқа көліктерге зақым келтіргені түсірілген видео тарады.

Елорда полицейлері 28 қазан сағат 03:30 шамасында Абылай хан даңғылымен Айнакөл көшесі бағытында Volkswagen жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасағанын хабарлады. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.

Медициналық тексеріс барысында 31 жастағы ер адам масаң күйде көлікті басқарғаны анықталды.


Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК 608-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Көлік қоғамдық көлік тұрағына қойылды.

"Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулікке қамауға алынды", — деп хабарлады полицейлер.

Полиция жүргізушілерге көлікті мас күйінде жүргізбеуді ескертті.

Соңғы жаңалықтар