Астанада мектепке дейінгі мекемелерде балаларды топтау аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мектепке дейінгі мекемелерде балаларды топтау аяқталды

Астанада мектепке дейінгі мекемелерде балаларды топтау аяқталды

Елордада 27 сәуір мен 5 маусым аралығында балаларды мектепке дейінгі мекемелерге топтау жүргізілді, деп хабарлады  astana.gov.kz.

  • 16 Маусым 2015
  • 426
Фото - Caravan.kz

Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, 2015 жылы жалпы бөлінген орындар саны 6000-ды құраса, оның 1500-і жеңілдікті санаттағы тұрғындарға арналған.

Жеңілдікті санаттарға әскери қызметкерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың балалары, сонымен қатар, тұрмысы төмен  отбасылардан шыққан балалар жатады.

Балабақшадан орын алу үшін ата-аналар баланың туу туралы куәлігі мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарында берілетін кезек саны көрсетілген құжатты комиссияға тапсыруы қажет. Мемлекеттік дотациясы бар жеке балабақшаға беру үшін бала үш жаста болуы керек және кезекте тұруы тиіс.

Жолдама алғаннан кейін ата-аналар 5 күннің ішінде балабақшада тіркелуі тиіс. Медициналық тексерістен кейін балалар балабақшаға бара алады.


Еске сала кетейік, елордада 80 мемлекеттік және 52 жеке меншік балабақша жұмыс істейді. Бүгінгі таңда мемлекеттік балабақшалардағы орындар саны 21731-ді құраса, тағы 4625 орын жеке балабақшалардан берілуі мүмкін.