Жарияланды: 410

Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша баспанаға өтініш қабылдау ағымдағы жылдың желтоқсан айында басталады

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша баспанаға өтініш қабылдау ағымдағы жылдың желтоқсан айында басталады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Вечерняя Астана" газетіне сілтеме жасап.

Астана қалалық тұрғын үй басқармасының бастығы Ерекболат Қабылдиннің айтуынша, үкіметтің қаулысы бойынша биыл тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы $470 тең. Қазір Тілендиев даңғылының сол жағында 5 612 пәтердің құрылысы салынуда. Тұрғын үй келесі жылдың екінші тоқсанындай пайдалануға беріледі. 1 бөлмелі пәтерден үміті бар несие алушының төлемдік қабілеттілік деңгейі (40 шаршы метр) айына 38 мың теңгеден кем емес, 2 бөлмелі пәтерден үміті бар отбасы (60 шаршы метр) - 57 мың теңге, 3 бөлмелі пәтерге (80 шаршы метр) - 76 мың теңге болуы қажет. Несиені бастапқы жарнасыз, жылдық 4% өсіммен, жеңілдетілген шартпен тек "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақша банкі" ғана береді. Баласы бар жас отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері басымдық берілетін санатта. Өтінішті беретін күн баспана үшін кезекте тұру ретіне ешқандай да әсерін тигізбейді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін