Астанада мемқызметшілер бір мезгілде Әнұранды орындады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мемқызметшілер бір мезгілде Әнұранды орындады

Астанада мемқызметшілер бір мезгілде Әнұранды орындады

Астанада «Министрліктер үйі» ғимаратында орналасқан ведомстволар қызметкерлері бір мезгілде Мемлекеттік Әнұранды шырқады.

  • 4 Маусым 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.  

«Бүгін, 4 маусым күні ҚР Президентінің Іс басқармасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Әнұранның салтанатты орындалуын ұйымдастырды. Сағат 10-да Министрліктер үйінде Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Қызметкерлер кабинеттерінен шығып, дәлізде сап түзеп, Гимнді бірге орындады», — деп мәлім етті ҚР Президентінің Іс басқармасынан.

Акцияны Министрліктер үйінде жұмыс атқаратын полиция полкы да қолдаған.

Айта кетейік, Министрліктер үйінің жалпы ауданы 228 мың шаршы метрді құрайды. 1,5 шақырымға созылып жатқан ғимарат 20 блоктан тұрады. Онда Қазақстан Республикасының 27 мнистрлігі мен ведомстволары және олардың бөлімшелері орналасқан.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды

Данияр Елеусінов өзін Головкинмен салыстыратындарға жауап қатты

«Әлем аруы-2018» байқауының жеңімпазы жол апатынан қаза болды
 

Соңғы жаңалықтар