Осылай деп ұрандатқан Астанадағы заң университетінің мыңға тарта студенті бүгін қара суықты мүлдем елеген жоқ. Ректорлары Мақсұт Нәрікбаевты ортаға алып елден тағы ерекшеленді. Ал болашақ заңгерлер Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ыстық ықыласын мынадай үлкен баннерге жазып жеткізуге тырысыпты. Содан соң жиналғандар жүрек пішінді 3 мың шар үрлеп, бір мезетте аспанға ұшырды. Елбасымен Украинада бір курста оқыған Мақсұт Нәрікбаевтың тосын сыйы мұнымен бітпеді. Тіпті Назарбаевтың жас күнінде сүйіп айтқан әнін студенттерімен қосылып шырқап берді.