Астанада өндірістегі оқыс оқиғаның салдарынан екі жұмысшы зардап шекті
Астана. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада өндірістегі оқыс оқиғаның салдарынан екі жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ мәліметінше, Астанада (Алматы ауданы, сол жақ жағалау) салынып жатқан "Керуен" сауда орталығында 19 тамызда сағат 09.43-те "Диана" ЖШС-нің 23 жастағы жұмысшысы бояу жұмыстары кезінде 2 қабаттан құлап ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге, Пригородный кентінде 19 тамыз күні сағат 11.12-де құрылыс нысанында 10 метр биіктіктен құлап "Промстрой" ЖШС-нің монтаждаушысы ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін