Жарияланды: 760

Астанада "Өндірістік және тұтыным қалдықтарына қатысты проблемалар мен оларды шешу жолдары" деген тақырыпта парламенттік тыңдаулар басталды

Астанада "Өндірістік және тұтыным қалдықтарына қатысты проблемалар мен оларды шешу жолдары" деген тақырыпта парламенттік тыңдаулар басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

Тыңдауда ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова "Өндірістік және тұтыным қалдықтарына қатысты проблемалар мен оларды шешу жолдары" деген тақырыпта, ал ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник "Жылу-энергетика саласындағы өндірістік қалдықтар : проблемалар мен оларды шешу жолдары" деген тақырыпта баяндама жасайды деп күтілуде. Қазіргі жағдаймен, алдын-ала мәлімет бойынша елімізде 22 млрд. тоннадан астам қалдықтар жиналып отыр. Жыл сайын 20 млн. текше метрге дейін тұрмыстық, 1 млрд. тоннаға дейін өндірістік қалдықтар түзіледі екен. Олардың 150 млн. тоннасы улы қалдықтар. 2003-жылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық аумақтық басқармалар табиғат қорғау заңнамаларының орындалуына бақылау қою мақсатымен 3769 тексеру жүргізіп, нәтижесінде қолданыстағы заңдарды бұзу оқиғасы 5658 мәрте тіркелген. Заң бұзушыларға жалпы көлемі 8 млн. теңгені құрайтын 1012 айыппұл салынды. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар тарапынан қоршаған ортаға келтірген залал-зардаптың орнын толтыру үшін 67 млн. теңгенің 234 ескертуі беріліп, 6 нысан жұмысы тоқтатылып, 55 іс құқық қорғау мекемелеріне тапсырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін