Астанада оқушыларға берілетін тамақ, жануарға да беруге жарамайды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада оқушыларға берілетін тамақ, жануарға да беруге жарамайды

Астанада оқушыларға берілетін тамақ, жануарға да беруге жарамайды

Қоғам белсендісі, журналист Гүлбану Әбенова ата-аналар комитетімен бірге Астананың екі мектебінде болып қайтты.

  • 4 Сәуiр 2018
  • 348
Фото - Caravan.kz

Оқушыларға берілетін тағам түрлерін көріп шошыған ол жан айқайын Facebook парақшасы арқылы жеткізді. Айтуынша, Астана мектептерінде оқушыларға берілетін тағамды балалар түгілі, үлкендердің өзі жемейді екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Мына суретте елордадағы 10-мектептің асханасы. Үстелдегі тамақтар алғашқы ауысымнан кейін қалған. Көріп тұрғандарыңыздай, тәрелкелер толық. Бұдан кейін тамақтануға екінші ауысым келді. Балалармен бірге отырдым, ешқайсысы жарытып тамақ ішпеді. Дәмді емес дейді. Компот ішіп, қарақұмықты аздап шұқығандай болды. Кейбірі тефтелиге ұқсас бірдеңені жеді. Салаттан дәм ауыз тиді. Алғашқы ауысымнан кейін тәрелкедегі астың басым бөлігі қоқысқа кетті. Бір бөшке тамақ. Ет пен қарақұмыққа мемлекеттің қанша қаражаты кетті?! Нұсқаулық бойынша, артылған тамақтың бәрі қоқысқа кетеді, оны тіпті жануарға беруге болмайды”, – деп бастады сөзін Әбенова.

Бұдан кейін Әбенова балаларға ұсынылған тағамды жеп көргенін атап өтті. Ол жартылай шикі әрі дәмсіз қарақұмықты жеу мүмкін еместігін айтып ашынды.

“Ал тефтели картоп пен наннан жасалған. Сыртын фаршқа ұқсас бірдеңемен қаптаған. Қырыққабат пен сәбізден жасалған салатты да жей алмайсың. Не тұзы, не майы жоқ. Әйтеуір ескірген туралған бірдеңе. Ал компот су татиды. Тек нанды ғана жеуге болады. Өзі де балалар нанды артығымен сұрап, жеген еді. Барлығы аш кетті. 2-3 сыныпта оқитын балалар”, – дейді қоғам белсендісі.

Бұдан кейін Гүлбану Әбенова балалардың тамағына жауапты адамдарды сұрақтың астына алғанын айтады. Алайда аспаз да, мектеп мейірбикесі де мардымды жауап бере алмапты. Сондай-ақ, ол істемейтін тоңазытқышта майонез бен кетчуп тұрғанын айтып ашынды.

“Істемейтін тоңазытқыштан сақталған майонез умен тең. Балаларды улап жатқандырыңызды түсінесіздер ме өздеріңіз?” – дейді Әбенова.

Бұл аздай, мектеп асханасында санитариялық талаптар да сақталмайтын көрінеді. Балалардан қалған ыдыс үлкен ваннада жуылып, су күйінде үстелге қойылады, деп ашынды тексеруші.

“Балалар амалсыз соны пайдаланады, кейбірі жиіркенішпен қарайды. Майлық та берілмейтін көрінеді. Балалардан қағазды да аяп қалдыңдар ма? Дәретхана қағазы ше? Мектеп дәретханасынан қағаз да, сабын да байқамадым. Ал ұстаз баланы гигиенаға үйретеді”, – дейді Гүлбану Әбенова.


Соңғы жаңалықтар