Астанада отандық және шетелдік медиаторлар үшін тренингтер өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада отандық және шетелдік медиаторлар үшін тренингтер өткізілуде

Астанада отандық және шетелдік медиаторлар үшін тренингтер өткізілуде

Дауларды болдырмау және алдын алу бойынша медиация орталығының кеңейтілген отырысының аясында Астанада практикалық семинар-тренинг өткізілуде. 

  • 6 Тамыз 2015
  • 496
Фото - Caravan.kz

Оған медиация саласында қызмет ететін отандық және шетелдік мамандар, сонымен қатар барлық өңірлерден Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері келіп қатысуда. 

«Аталған шара таза тәжірибеге, нақты мысалдарға сүйенген мықты сарапшылардың тәлімін жеткізу үшін ұйымдастырылып отыр. Түрлі қайшылықтарды шешуде медиация институты, оның тетіктері мен әдістерінің орны бөлек. Халықаралық тәжірибеге қарағанда, біздің ұстанып отырған жолымыз біршама өзгешелеу десе де болады. Егер әлемдік медиацияда туындаған даулардың шешу және түрлі тетіктерді қолдану болса, қазақстандық медиация оны болдырмаудың, қоғамдық келісімнің одан әрі беки түсуіне бағытталған шешімдерге көп мән береді», — дейді ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Наталья Калашникова.


Оның сөзіне қарағанда, тренингте отандық және шетелдік медиацияның үздік тетіктері ұсынылады.

«Біз тренинг қорытындысы бойынша Қазақстанның медиация моделін қалыптастырудың жолдарын көргіміз келеді. Құрамымыз өте сапалы, шетелдік сарапшылармен қатар, аймақ өкілдері, отандық медиаторлар келіп отыр. Қоғамдық келісім кеңестерін, аналар кеңесінің мүшелерін, ғылыми-сарапшылық қауымдастықты арнайы шақырттық. Олар осында жоғарыда айтылған шешімдерді жасақтайтын болады», — деп атап өтті ол.

Семинар аяқталысымен қатысушылар халықаралық үлгідегі арнайы сертификаттар алады.

Соңғы жаңалықтар