Бағдарлама жобасы бойынша, форумды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева ашады.
Хабарламаға сүйенсек, ЕАМФ-ның пленарлық отырысында «США VS Иран. Бейбітшілік пе, бітім бе?» деген тақырып талқыланбақ. Жеке сессияларда «Сириядағы өртке кім жылынып жүр?», «Украина үшін шайқас» атты тақырыптар сөз болады.