Астанада өткен аптада 51 қылмыс жасалып, 39-ы ізі суымай ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өткен аптада  51 қылмыс жасалып,  39-ы ізі суымай ашылды

Астанада өткен аптада 51 қылмыс жасалып, 39-ы ізі суымай ашылды

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада өткен аптада 51 қылмыс жасалып, 39-ы ізі суымай ашылды. Бұл туралы қалалық мекемелер мен қызмет басшыларының қатысуымен өткен шұғыл жиында Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев хабарлады.

  • 29 Қазан 2007
  • 310
Фото - Caravan.kz

Е. Аманшаевтың ақпаратына сәйкес, қазанның 22 мен 28 аралығында Елордасындағы жолдарда 4 жол апаты болып, 4 адам зардап шекті. Жалпы алғанда жолдағы қозғалыс ережелерін бұзуға қатысты 3 мыңдай оқиға тіркелді.

Сонымен бірге есепті мерзімде Астанада 12 өрт тіркеліп, 1 адам қаза тапты. Өрт сөндіру қызметінің күшімен жарты миллион теңгеден астам теңгенің материалдық құндылықтары құтқарылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті