Хабарламаға сәйкес, Цветкова О. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі жөніндегі Ведомствоаралық комиссияға тұрғын үй құрылысына салған 7,7 млн. теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын қайтару туралы өтініш берген.
ВАК отырысында ТҚК төрағасы Бодаухан Қайраттың ақша қаражатын қайтару мәселесі шешілгенге дейін О. Цветкованың уақытша баспанамен қамтамасыз етілгені туралы өтініші ескерілді. Салушы ВАК-қа өтініш берушінің барлық ниет-тілектерін ескеріп, қабылдады. Төрт айдың ішінде салушы тұрғын үй жалдағаны үшін 300 мың теңгеге жуық төлейді.
Қазіргі кезде салушыға тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін қажетті рұқсат құжаттары берілді.
Бүгінде салушының атынан Қ. Бодаухан мен азаматша О. Цветкованың арасындағы кездесуде үлестік құрылысқа салынған ақша қаражатын 2016 жылғы 12 шілдеге дейін қайтару туралы шешім қабылданды. Салушы қарызды өтеу туралы қолхат-міндеттеме берді және Астана қаласының әкімдігінің қатысуынсыз барлық проблемалық мәселелерді өз бетінше шешті.
Астана қаласының әкімдігі әрқашан да алданған азаматтардың құқықтары мен мүддесін қорғайтын болады, сонымен қатар, азаматтарды арандатушылық әрекеттерге берілмей, тек ресми ақпаратқа ғана жүгінуге шақырады