Жарияланды: 950

Астанада президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің алғашқы бас қосуы өтті

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астанада президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің алғашқы бас қосуы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасап.

Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің алғашқы бас қосуында Жастар саясатын дамыту жөніндегі қысқа мерзімдік стратегияны қабылдау туралы шешім қабылданды. Бұл құжат жастар саясатын жаңаша жүргізудің негізіне айналады. Өйткені мемлекеттік саясатты айқындауға жастардың өздері атсалысып отыр. Жастар саясаты жөніндегі кеңеске үлкен міндеттемелер жүктеліп отыр. Мемлекеттік бағдарлама әзірлеп, кеңестер мен ұсыныстар беріп қанай қоймай, президентке Қазақстан жастарының хал-ахуалы туралы мәлімет те беріп тұруға тиіс. Қазіргі уақытта кеңес құрамында 36 адам бар. Олар мемлекеттік органдардың, "Нұр Отан" партиясының және қоғамдық ұйымдардың атынан қатысып отыр. Мамыр айында президент Нұрсұлтан Назарбаев Жастар саясаты жөніндегі арнайы кеңес құрып, оны белсенді жастарды шақырып жасақтау туралы ұсыныс білдірді. Сол кезде мемлекет басшысы елдегі жастар саясатын бірнеше бағытта дамыту қажет екенін атады. Олар - жастардың білім алуына, жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасау. Әлеуметтік қолдау көрсетіп, денсаулыққа үндеу. Бүгінгі алғашқы бас қосуда осы жұмыстарды жүзеге асыру мәселесі талқыланды. ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Қайрат Келімбетовтің айтуынша, "елдің болашағы жастар екені белгілі. Сол себептен Елбасы әрқашан да жастар саясатына ерекше көңіл бөліп келеді. Тәуелсіздік алғалы бері жас ұрпаққа жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қазақстанның болашақтағы дамуы сіздерге байланысты". Жастарға сапалы білім беру және білім жүйесін жетілдіру мәселесі жастар саясаты стратегиясында көрініс табуы тиіс дейді Білім министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры. Ол үшін Батыс пен шығыс Азия елдерінің тәжірибесіне сүйенуге болады. БҒМ жастар саясаты департаментінің директоры, кеңес мүшесі Ерлан Аукенов былай дейді : "Ел тарихында бірінше рет президент жанында жастар саясатымен шұғылданатын осындай кеңес құрылып отыр. Бұл мемлекетте жастарға айрықша көңіл бөлінетінін айғақтайды. Және ең бастысы ұсынысты жасайтын жастардың өздері". Кеңес мүшелері патриоттық тәрбие мәселесін де көтерді. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері мемлекет рәміздерін қастерлеуді бір реттік шаралармен насихаттамай, ондай сезімді жас ұрпақтың бойына сіңіру қажет дейді. Кеңес отырысында көтерілген тағы бір тақырып - ауыл жастарының рухани-моральдық рухын көтеру. Алматы қаласының жастар саясатын дамыту қорының директоры, кеңес мүшесі Нұрбол Баймұхановың пікірінше, "ауылдық жерлерде бұрыңғыдай пір тұтатын рухани тұлғалардың жоқтығынан мәдениеттің төмендеуі байқалады. Қоғамда жастарды тәрбиелеу жоқтығынан мінез-құлқынан қауіп тудыра бастады. Сондықтан да сауатты азаматтық, мәдени орта қалыптастырып, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыра отырып, патриоттық тәрбие жұмыстардың кешенді жүйесін құру керек деп ойлаймын". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть