Жарияланды: 1400

Астанада президенттің "Постиндустриялық қоғам құру стратегиясы және өркениет әріптестігі" атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде кеше ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Постиндустриялық қоғам құру стратегиясы және өркениет әріптестігі" атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Қазақстанның болашақ дамуының стратегиясы көрініс тапқан. Ашылу салтанатына Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұртай Әбіқаев, ҚР президенті көмекшісі Әсет Исекешов, отандық және шетелдік жетекші сарапшылар қатысты. Тұсаукесер рәсімі үш күнге созылатын "Өркениеттің энергоэкологиялық болашағы" атты ІІ Өркениеттік форум аясында өтті. Оған мемлекеттік орган басшылары, дипломаттар, Қазақстан, Ресей, Жапония, т.б. елдердің танымал ғалымдары, ұлттық компаниялар мен ғылыми ұйымдар басшылары қатысты. Форум мақсаты - әлемдегі энергетикалық және экологиялық динамиканы зерттеу, энергоэкологиялық дағдарыстан шығу жолдарын қарастыру. Сондай-ақ форумға қатысушылар осы салада серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту қажеттін талқылап, жаһандық энергоэкологиялық стратегиясын қалыптастыру мен оны жүзеге асырудағы Қазақстан мен Ресей рөлін анықтайды. Форум шеңберінде Қазақстан мен Ресей ғалымдарының ғылыми жұмыстары көрмеге қойылды. Сондай-ақ бірлескен Қазақстан-Ресей сарапшылары "Өркениеттің энергоэкологиялық болашағы" атты болжау жобасын қарастырды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть