Команда өкілдері болған оқиға жайында ойынның инспекторы Альберт Қарымовты хабардар еткен. Кейін полиция шақырылған. «Қайсар» ФК әкімшісі жедел арада қонақ үйге жөнелтілген. Алайда, сол уақыт аралығында ұрылар қонақ үйдің үш нөмірін ашып, сондағы жеке заттардың барлығын алып кеткен.
«Келтірілген шығын көлемі 20 мың АҚШ долларын құрады. Елорда полициясы қылмыскерлерді іздеумен айналысуда», — деп толықтырды Ә. Байшүленов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті