"Астанада қала бергеніміз дұрыс па еді": Фариза Төреәлі Америкадағы өмірі туралы бар шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астанада қала бергеніміз дұрыс па еді": Фариза Төреәлі Америкадағы өмірі туралы бар шындықты жайып салды

"Астанада қала бергеніміз дұрыс па еді": Фариза Төреәлі Америкадағы өмірі туралы бар шындықты жайып салды

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Америкаға көшкен кездерін еске алып, сол кездегі қиындықтарды айтып берді. 

  • 29 Мамыр 2023
  • 352
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Штаттарға көшкелі бұл жақта еркіндікті сезем деуші едім ғой. Сондағы еркіндіктің бірі ол — финанс жағынан. Енді көшкендегі және қазіргі финанс деңгейі, біздің ойлау қабілетіміз, жалпы деңгейде айырмашылық көп. Себебі, бастапқы уақытта өте аз суммамен көштік. Ал бұл жақтағы шығын, үй жалдау, тамақ алу, жалпы тұрмыс жағы қаншама есе қымбат. Оған қоса Нью-Йорк қазіргі кезде әлемдегі ең қымбат қалалар бойынша бірінші орында", — деп жазды ол. 

 

 

Тіпті ол  бастапқы уақытта  "Астанада қалуымыз керек еді"  деп ойлағанын да жасырмай айтты. 

"Маған морально сол кездері қиын болды. Кейде тіпті "Астанада қала бергеніміз дұрыс па еді" деп іштей ойлайтынмын. Алайда бұл бізге берілген үлкен мүмкіндік екендігін ішьтей сезетінмін. Сол сәттен бастап Дархан екеуміз табысымызды арттыруға, қолдан келгеннің бәрін жасауға амал етеміз деп шештік", — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар