Астанада қаржы полициясы контрафакт өнімдер әзірлейтін үш жасырын цех тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қаржы полициясы контрафакт  өнімдер әзірлейтін үш жасырын цех тапты

Астанада қаржы полициясы контрафакт өнімдер әзірлейтін үш жасырын цех тапты

Астана. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астананың Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті контрафакт өнімдер әзірлеумен және сатумен айналысатын үш жасырын цехты әшкереледі. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астананың Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы Абзал Кәрімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 30 Қараша 2007
  • 390
Фото - Caravan.kz

Оның хабарлауынша, департамент жыл басынан бері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Тұтынушыларды алдау» және «Интеллектуалдық меншік құқығын бұзу» баптары бойынша 20-ға жуық қылмыстық іс қозғаған.

Атап айтқада, «DVD — дискілерін дайындап, оларды сататын жасырын цех табылды», деді Абзал Кәрімов.

«Ұсталғандар 2006 жылдың қазан айынан бері жекеменшік үйде компьютер, жеті DVD көшіру құрылғысын, түрлі-түсті принтер мен сканерді пайдаланып контрафакт өнімдер дайындап, оны қаланың орталық базарында сатумен айналысып келген»,- деп түісндірді Абзал Кәрімов. Ол сондай-ақ «ұсталғандар DVD — өнімдерін Бішкектен алғандығын» айтып өтті.

Ұсталғандардан жалпы сомасы 230 мың теңгені құрайтын әртүрлі атауы бар 460 дана DVD-өнімін тауып, тіркілеген. Жалпы «құқық иесіне келген шығын, жүргізілген тексеруге сәйкес, 1,4 млн теңгені құрап отыр»,- деп хабарлады экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы.

«Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының 184-бабының 3-тармағы бойынша (интеллектуалдық меншік құқығын бұзу) қылмыстық іс қозғалды. Сот қылмыстық істі қарап, ұсталған азаматты шартты түрде екі жыл бас бостандығынан айыру үкімін шығарды»,- деп қорытындылады Абзал Кәрімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті