Жарияланды: 490

Астанада қаусап қалған көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге 600 млн.-нан астам теңге бағытталады

2020 жылға дейінгі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын (ТҮКШ) жаңғырту бағдарламасы аясында биыл Астанада 600 миллион теңгеден жоғары сомаға көпқабатты 20-дан астам тұрғын үй жөнделетін болады. Бұл туралы бүгін ТҮКШ мәселелеріне арналған кеңесте Астана қаласы әкімінің орынбасары Василий Крылов мәлім етті.

«Тұрғын үй қорын жаңғырту аясында ағымдағы жылы 502 млн. теңге сомасына 20 үйге ағымдағы жөндеулер және 120 млн. теңгеге екі үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - деді В.Крылов. Бүгінгі күні елордада көпқабатты 2011 тұрғын үй бар, оның 528-і - ағымдағы және күрделі жөндеуді қажет ететіндер, 232-сі - сырып тастауға жататын, апатты жағдайдағы үйлер. 2011-2014 жылдар аралығында Астанада күрделі жөндеумен жалпы аумағы 6 мың шаршы метр болатын 240 пәтер (7200 тұрғын), ал ағымдағы жөндеумен жалпы аумағы 66 мың шаршы метрді құрайтын 1867 пәтер (5601 тұрғын) қамтылатын болады. «Тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары олардың сәулеттік дизайны, үлгісі, фасадтардың флористикасы, шатыры, балкондардың дизайны ескеріле отырып жасалады. Бұл мәселелерді біз сондай-ақ, қаланың барлық қызметтерімен пысықтаудамыз», - деп атап өтті ол. Крылов сондай-ақ, аталмыш үйлердің аулаларын абаттандыру да көзделіп отырғанын жеткізді. Ол мақсатқа аудандық әкімдіктердің бюджеттерінде қаражаттар қарастырылған. Онымен бірге, бағдарламаны жүзеге асыру барысында аз қамтылған азаматтарға атаулы көмектер көрсетілетін болады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 2011 жылдың басында 242 млн. теңге бөлінді. «Оларға кондоминиум нысандарының ортақ мүлкі үшін шығындарды өтеуге және қаражаттарды жинақтауға жарналық салымдар үшін тұрғын үй көмегі көрсетілетін болады», - деп еске салды Крылов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін