Астанада Қазақстан мен Грузия Сыртқы істер министрліктерінің бірлескен консультациялары өтеді
Қазақстан мен Грузия арасында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері 10 маусымда, Астанада өтетін тараптардың Сыртқы істер министрліктерінің бірлескен консультацияларында сөз болады. |
Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
Оның айтуынша, отандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Аманкелді Жұмабаев, ал қонақтарды - Сыртқы істер министрінің орынбасары Николоз Вашакидзе басқаратын болады.
«Аталған консультациялар аясында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара ықпалдастықты талқылау жоспарлануда», - дейді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін