Жарияланды: 620

Астанада Қазақстан мен Корея Республикасы сыртқы саясат ведомстволары арасындағы консультациялардың 6-шы кезеңі болып өтті

Астана. 15 қыркүйек. Қазақстан Бүгін - Астанада өткен аптада сыртқы істер министрлерінің орынбасарларының деңгейінде Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы сыртқы саясат ведомстволары арасындағы консультациялардың 6-шы кезеңі болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан делегациясына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев басшылық етсе, корей жағын Сыртқы істер және сауда министрінің орынбасары Ли Ён Джун бастады. Келіссөздер барысында тараптар екі жақты қатынастардың қазіргі ахуалы, сондай-ақ Қазақстан-Корей ықпалдастығының екіжақты және көпжақты форматтағы өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстан және Корея Республикасы бір-бірінің халықаралық бастамаларына өзара қолдау көрсетіп отырады. Екі ел Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезі, Азиядағы ынтымақтастық диалогы және т.б. халықаралық ұйымдар және көпжақты форумдар аясында ықпалдасуды жүзеге асырады. Сонымен бірге, Оңтүстік Корея Қазақстанның ірі инвесторы және сауда серіктесі болып табылады. Соңғы кездері Астана мен Сеул арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық едәуір жандана түсті. 2007 жылы екіжақты сауда айналымы 843 миллион АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерден едәуір асып түсті. Жылдан жылға өзара инвестицияның көлемі ұлғаюда. Ынтымақтастықтың ең белсенді салалары ретінде энергетика, құрылыс, қаржы, сауда және банк ісін атауға болады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін