Астанада Қазақстан мен Қырғызстанның СІМК екінші отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан мен Қырғызстанның СІМК екінші отырысы өтеді

Астанада Қазақстан мен Қырғызстанның СІМК екінші отырысы өтеді

Астана. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы істер министрлер кеңесінің екінші отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаев кеше өткен брифингте хабарлады.

  • 12 Ақпан 2008
  • 442
Фото - Caravan.kz

«17 — 19 ақпанда Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Эднан Қарабаевтың Қазақстанға ресми сапары басталады. Сапар барысында Қазақстан мен Қырғызстанның өткен жылдың 25-26 сәуір айында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бішкекке ресми сапарының қорытындысы бойынша құрылған сыртқы істер министрлері кеңесінің екінші отырысы өткізіледі», -деп хабарлады Е. Ашықбаев.

СІМК екінші отырысында екі жақты қатынастардың сауда-экономикалық, су-энергетикалық, мәдени гуманитарлық салалары бойынша мәселелері талқыланады.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының СІМК ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің өткен жылы қараша айында Бішкекке барған ресми сапары барысында өткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті