Астанада Қазақстан президентінің қатысуымен Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетінің жаңа оқу корпусының тұсаукесері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан президентінің қатысуымен Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетінің жаңа оқу корпусының тұсаукесері өтті

Астанада Қазақстан президентінің қатысуымен Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетінің жаңа оқу корпусының тұсаукесері өтті

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетінің жаңа оқу корпусының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 2 Шiлде 2008
  • 511
Фото - Caravan.kz

Шара барысында мемлекет басшысы университет мұражайымен, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің баспасының ақпараттық кітап саудасы орталығымен, дәріс аудиторияларымен танысты. Н. Назарбаев сонымен бірге, ислам экономикасы мен құқығы орталығы және еуропалық құқық орталығының кабинетімен танысты.

Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетінің жаңа оқу корпусының ғимаратының құрылысы 2006 жылы басталған, жобаның құны 4 млрд 300 млн теңге. Бұл корпуста 5 мың студентке есептелген 400 астам аудитория бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті