Астанада қоғамдық кітап сөрелері қойылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қоғамдық кітап сөрелері қойылмақ

Астанада қоғамдық кітап сөрелері қойылмақ

Астанада «Болашақ» қауымдастығы әріптестерімен бірлесіп «Bolashak Books» ауқымды жобасын іске қосады. Аталмыш жоба пайдаланушылардың кең ортасы үшін қоғамдық кітап шкафтары желісін құрудан тұрады.

  • 19 Қыркүйек 2017
  • 169
Фото - Caravan.kz

Қоғамдық кітап шкафтары немесе бук кроссинг дүние жүзінде кеңінен танымал. Шкафтың міндеті әр адамның өз кітабын қалдырып, басқаның кітабын оқуға алудан тұрады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

Астана тұрғындары мен қонақтары жоба бөлігі бола алады және пайдалы іске бағытталатын өз кітаптарын ұсынып, оқу мәдениетін дамытуға өз үлесін енгізе алады.

Кітаптарды Д.Қонаев көшесі 12/1, 412-каб. мекен-жайы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының кеңсесіне әкелуге және ол үшін жағымды сыйлық алуға болады.

— Bolashak Books жобасы қазақстандықтар арасында оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Қоғамдық кітап шкафтары арқылы әр тілек білдіруші ұнаған кітапты алып оқуына және оқып болған соң кері қайтаруына болады. Қазіргі уақытта біз кітап қорын қалыптастырудамыз. Барлық бей-жай емес адамдарды сүйікті әдебиетпен бөлісуге шақырамыз, -деді «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі


Соңғы жаңалықтар