Жарияланды: 530

Астанада қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 7-ші конференциясына 1 мың адам қатысады

Қырқүйектің 21-23-і күндері Астанада қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 7-ші конференциясы өтеді, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 1 мың адам қатысады, деп мәлім етті ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің (ҚОҚМ) халықаралық экологиялық стандарттарды енгізу департаментінің директоры Александр Брагин.

«Үстіміздегі жылдың 21-23қырқүйегінде Астанада Еуропа мен Солтүстік Америка елдері қоршаған ортаны қорғау министрлерінің «Еуропа үшін қоршаған орта» процесі аясындағы 7-ші конференциясы өтеді», - деді А. Брагин бейсенбі күні министрліктің алқа отырысында. «7-ші конференцияның жұмысына БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы мен ЭСКАТО елдерінен 1 мыңнан аса адам қатысады», - деді ол. Департамент басшысының айтуынша, ұйымдастырушылар бұл конференцияның әдеттегі қатысушылары – Еуропа мен Солтүстік Америка өкілдерінен басқа, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Малайзия, Могнолия елдерінің мамандарын шақырды. Шара аясында елдердің өкілдері су ресурстары мен су экожүйелерін орнықты басқару, «жасыл экономиканы», инновацияларды, «жасыл инвестицияларды» дамыту мәселелерін талқылайды. Конференция құжаттарының бірі ретінде Астананың «Жасыл көпір» бастамасы қаралады. «Жасыл көпір» бағдарламасының мақсаты Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдерінің «жасыл экономиканы» ілгерілету бойынша әріптестігіне, мемлекеттік, жеке меншік сектордың, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың әріптестігіне қолдау көрсету болып табылады. Сонымен бірге, Астананың бастамасы «жасыл экономика» мен орнықты даму мақсаттарын қолдау бағытындағы инвестициялық жобалардың пакетімен бірге 2020 жылға дейінгі әріптестік бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыруды қарастырады», - деді департамент директоры. А. Брагин мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзі бастама көтерген бағдарламаны 2012 жылы Бразилияда өтетін Дүниежүзілік саммитте таныстыратынын еске салды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін