Жарияланды: 490

Астанада ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Бүгін, 27-маусымда Астанада Жабайхан Әбділдиннің төрағалық етуімен ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Онда ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеев пен ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова азаматтардың білім алу және еңбек қорғау саласындағы құқығының қорғалуы туралы негізгі баяндамаларды жасады. Отырыста жалпы адам құқығын қорғау саласындағы оңды ағымдарға қарамастан елімізде азаматтардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтары толыққанды қорғалмай отырғаны айтылды. Комиссия ҚР білім және ғылым министріне мектепке дейінгі және кәсіби білім беру мекемелеріне, сондай-ақ, мұғалімдердің білімін жетілдіру мәселесіне жете көңіл бөлу жөнінде нұсқау берді. Еңбек қорғау саласындағы ахуалға түсініктеме бере отырып комиссия ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне әсіресе мұнайгаз және металлургия саласындағы жұмыс берушілердің еңбек қорғау жөніндегі тәртіп және нормаларды орындау барысына қойылатын бақылауды күшейтуді тапсырды. Отырыста адам құқықтары жөніндегі Комиссияның Сарапшылық кеңесі жөніндегі ереже бекітілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть