Жарияланды: 1100

Астанада ҚР Қарулы Күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы қайтыс болды

Астанада ҚР Қарулы Күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы , генерал-лейтенант Мәлік Сапаров қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қорғаныс министрлігінен хабарлады.

Алдын-ала мәлімет бойынша, М.Сапаров маусымның 18-інен 19-ына қараған түні өз үйінде жүрегі тоқтау салдарынан қайтыс болған. Өлімнің нақты себебі кейінірек белгілі болмақ. Мәлік Сапаров 1958-жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматыдағы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, М.Фрунзе атындағы Әскери академияны және Ресей Қарулы күштері бас штабының Әскери академиясын бітірген. 1998-жылы ҚР Қарулы күштері жалпы мақсаттағы күштерінің штаб бастығы әрі қолбасшының орынбасары болып тағайындалды. Ал 1999-жылдан бері ҚР Қарулы Күштері бас штабы бастығының орынбасары, 2001-жылдан бері ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы әрі ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болды. 2003-жылдың мамырында ҚР Қарулы Күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін