Астанада қыркүйек айында үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан 11 үйдің құрылысы қайта жанданады - телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қыркүйек айында үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан 11 үйдің құрылысы қайта жанданады - телеарна

Астанада қыркүйек айында үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан 11 үйдің құрылысы қайта жанданады - телеарна

Алматы. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астанада қыркүйек айында үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан 11 үйдің құрылысы қайта жанданады. Бұл туралы кеше Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Хабар" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Шiлде 2008
  • 461
Фото - Caravan.kz

Бұл тұрғын үйлерді пайдалануға беру келер жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.

Астанада 36 мың үлескер қатысқан 200 үй салынған. Әртүрлі себептермен олардың біраз бөлігі салынып бітпеген. Қазіргі уақытта құрылыс салушы компаниялар несие алып, бірқатар нысандарды өз беттерімен аяқтауда. Осы мақсаттарға «Қазына» тұрақты даму қоры арқылы шамамен 40 млрд теңге бөлген үкіметтің пәрменінің арқасында жұмыстар қайта жанданып отыр. Алайда, соған қарамастан, 24 құрылыс әлі де тоқтап тұр, деп еске салады телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті