Бұл туралы BAQ.kz ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметіне сілтемес жасап хабарлайды.
«Ғажайып Қытай» фотокөрмесінің сериясын Қазақстандағы Қытай Елшілігі ҚР Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырды. Ол Қытайда 40 жыл жүргізілген саяси реформа мен «Бір белдеу – бір жол» бастамасына 5 жыл толуына арналды.
Шара Қытай – Қазақстан халқы арасындағы өзара түсіністік пен достық дәстүрін ары қарай күшейту мақсатында ұйымдастырылып отыр. «Қытай қазақстандықтар көзімен» арнайы көрмесі – осы серияның бесінші көрмесі. Көрмеге ұсынылған барлық фотосуреттер Қазақстан аумағынан жиналды. Байқауға 100-ден астам адам қатысып, 700-ден артық жұмыс ұсынылып отыр. Солардың арасынан ең үздік 100 фотосурет таңдалып, аталған көрмеге қойылды.
«Сіздер осы суреттер арқылы қазақстандықтардың көзімен Қытайдың әсем көріністерін тамашалай аласыздар», — дейді ұйымдастырушылар.
«Қытай қазақстандықтар көзімен» атты фотокөрмесінің салтанатты ашылуы 2 қараша, сағат 11:00-де ҚР Ұлттық музейінде ашылады.