Астанада республикалық бюджеттік комиссияның 21-отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада республикалық бюджеттік комиссияның 21-отырысы өтті

Астанада республикалық бюджеттік комиссияның 21-отырысы өтті

Астана. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалық етуімен республикалық бюджеттік комиссияның 21-отырысы өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі республика үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Шiлде 2008
  • 363
Фото - Caravan.kz

«Комиссия Сыртқы істер министрлігінің, республикалық бюджеттің орындалуын қадағалайтын Есеп комитетінің, Республикалық гвардияның және Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің бюджеттік өтініштерін қарастырды. Талқылау барысында қарастырылып отырған ведомстволардың бірінші басшыларының баяндамалары мен Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің қорытындысы тыңдалды», — деп атап көрсетілген отырыстың соңын ала жарияланған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті