Астанада «Robotek Grand Tournament>>> халықаралық чемпионаты өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Robotek Grand Tournament>>> халықаралық чемпионаты өтіп жатыр

Астанада «Robotek Grand Tournament>>> халықаралық чемпионаты өтіп жатыр

Астанада "Robotek Grand Tournament" халықаралық чемпионаты өтіп жатыр

  • 2 Мамыр
  • 7
Фото - Caravan.kz

Астанада халықаралық чемпионаты өтіп жатыр, бұл отандық робототехникадағы басты іс-шараның бірі. «Robotek» робототехника мектебі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған чемпионат 2024 жылы 2-3 мамырда өтіп жатыр.
Чемпионатта Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстаннан келген 300-ден астам оқушы, 114 команда бақ сынасады.

9 жастан 17 жасқа дейінгі бірнеше жас топ бойынша қатысушылар «Robotek», «Мерген», «Инверсиялық желі бойынша жарыс», «Ту жеткізу», «Робот — жеткізуші» және «Робот — сұрыптаушы» (әр санаттың регламенті – rgt.robotek.kz сайтында) сынды жеті түрлі санатта сайысады.
<<Robotek Grand Tournament» алаңында «TurkTime» жаһандық бағдарламасы аясында түркітілдес елдердің робототехника мектептері арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылады.


Әр санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі, сондай-ақ арнайы номинациялар («Үздік инженерлік шешім», «Үздік ауыл командасы», «Үздік шетелдік команда») бойынша жүлде дайындалады.
Чемпионат жүлдегерлерінің бірі Қазақстан-Британ техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінде оқуға грант алады.
Айта кетейік, «Robotek» елімізде және әлемде танымал, ЅТЕМ- білім беру және робототехника саласындағы ең табысты қазақстандық компаниялардың бірі. 2023 жылы қарашада Панамадағы World Robot Olympiad-те бірден екі қазақстандық команда жеңіс тұғырына көтерілді. Жалпы медальдық есепте «Robotek» арқасында Қазақстан ұлттық құрамасы бірінші рет екінші орынға ие болып, тек малайзиялық командаға есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар