Жарияланды: 520

Астанада сайлау комиссияларының өкілдері "ҚР сайлау туралы" заңы жобасының жекелеген нормаларын талқылауды одан әрі жалғастырады

Ертең, 18-шілдеде Астанада ҚР Орталық Сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен "ҚР сайлау туралы заңына" өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын талқылауға байланысты семинар-кеңес өтеді.

Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Орталық Сайлау комиссиясынан хабарлады. Кеңеске республиканың барлық өңірлеріндегі сайлау комиссияларынан 250-ден астам өкіл қатысады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 10-шілдеде Алматыда өткен осындай семинар-кеңесте заң жобасын талқылау барысында сайлаушылардың қосалқы тізімін алып тастау, сайлау комиссиясы мүшелерінің мәртебесі, қитұрқы сайлау технологияларына тосқауыл қою, кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары барысындағы БАҚ-тармен байланысы туралы мәселелер бойынша пікірталас өткен болатын. Астанада өтетін семинар-кеңесте осы және өзге де мәселелер бойынша өзара тиімді пікір алмасу процессі одан әрі жалғасып, сайлауға дайындық және оны өткізу барысында сайлау комиссияларының жұмысында кездесетін тауқыметтер туралы кең көлемде талқыланады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть