Астанада салынып жатқан министрлер үйінің ғимараты өртенуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада салынып жатқан министрлер үйінің ғимараты өртенуде

Астанада салынып жатқан министрлер үйінің ғимараты өртенуде

АСТАНА. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Астанадағы Есілдің сол жағасында салынып жатқан министрлер үйінің ғимараты өртенуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі оқиға болған жерден.

  • 12 Қаңтар 2007
  • 555
Фото - Caravan.kz

Ғимараттан жүзден астам адам шығарылды, құрбан болғандар жоқ.

Өрт шамамен бесінші-алтыншы қабаттарда шыққан. Төтенше жағдай болған жерде бірнеше өрт сөндіруші топтар жұмыс істеуде.

Kazakhstan Today тілшісінің сөзіне сүйенсек, дәл осы сәтте жалын көрінбейді, терезелерден қою түтін шығуда.

Министрлер үйінің ғимараты әзірге қолданысқа берілген жоқ, мұнда әрлеу жұмыстары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар