Астанада сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының отырысы басталды

Астанада сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының отырысы басталды

"Таяу уақыттарда Қазақстан біздің саудадағы негізгі әріптесімізге айналады". Бұл туралы бүгін, 3-қазанда Астанада басталған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының отырысы жұмысының үзілісінде Швейцарияның мемлекеттік экономикалық хатшылығы төрағасының орынбасары Йорк Алоис Рединг мәлімдеді.

  • 3 Қазан 2003
  • 817
Фото - Caravan.kz

Й.Рединг сондай-ақ, «халықаралық деңгейде Қазақстан мен Швейцария арасындағы үндестіктің нығая түскеніне» қанағаттанғандық білдірді. Оның айтуынша, «Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне бағытталған келіссөздердің оңды аяқталуынан Швейцария мүдделі».

Өз кезегінде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының Қазақстандық тең төрағасы, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Әбусеитов соңғы жылдарда екі ел арасындағы қарым-қатынастың мейлінше тиімді дамып келе жатқанын атап көрсетті.
Швейцария еліміздің сыртқы сауда саласындағы ірі әріптестерінің бірі. Қазақстанның Еуропа елдерімен арадағы жалпы сауда айналымының 10 процентін Швейцария иемденеді. Ал өз кезегінде Қазақстан Швецарияның ТМД елдерінің арасындағы Ресейден кейін екінші орындағы саудалық әріптесі болып табылады.
2003-жылдың алғашқы жартысында Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда айналымы 677,7 млн. долларды, соның ішінде экспорт — 645 млн. долларды, импорт 32,7 млн. долларды құрады. 2002-жылы 2001-жылғымен салыстырғанда екі ел арасындағы сауда айналымы екі есе өсіп, 843,8 млн. долларды құрады. Қазақстандық экспорттың үлес салмағы 786,8 млн. долларға жетті.
Қазақстан бұл елге көбінесе мұнай және мұнай өнімдері, мыс, аллюминий, мырыш және олардан жасалған өнімдер, қара металл, мақта, тыңайтқыштар мен керамика шығарады. Ал Швейцариядан Қазақстанға негізінен техникалық жабдықтар, темекі, қағаз, картон, электр және электрондық аппаратура, химиялық өнімдер, медициналық дәрі-дәрмектер мен жабдықтар, азық-түлік өнімдері, тұтыным тауарлары мен көлік құралдары шығарылады.
Қазақстанда 30-ға жуық Швейцариялық фирмалардың өкілдіктері мен 51 бірлескен кәсіпорын тіркелген.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының отырысы бүгін кешке дейін жалғасады.