Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді
Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырысқа ұйымға мүше елдердің үкімет басшыларымен бірге ұйымға бақылаушы елдердің үкімет басшылары да қатысады. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысушыларды Елбвасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды деп күтілуде.
Отырыс қорытындысы бойынша біріккен коммюнике мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің ықпалдастығына қатысты басқа да бірқатар жұмыс құжаттарына қол қою жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін