Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, бұл үшін сыбайлас жемқорлық механизмдері мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қолжетімділік пайдаланылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Заң бойынша, шетелдіктерге ЖСН ресімдеу олар Қазақстан аумағында жеке болғанда және міндетті биометриялық сәйкестендіруден өткен жағдайда ғана мүмкін болады. Алайда тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2024–2025 жылдары осы талаптарды айналып өтуге мүмкіндік беретін схема жұмыс істеген.
ҚМА-ның хабарлауынша, заңсыз процесті ұйымдастыру үшін әлеуметтік желілердегі арналар пайдаланылған, сол арқылы ЖСН-ды қашықтан алуға мүдделі шетелдіктер тартылған.
Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық схемаға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тартылған.
«Олар ХҚКО-ның ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, ЖСН ресімдеуге жалған өтінімдер қалыптастырып отырған. Сыйақы делдалдар арқылы банктік аударымдармен беріліп, схема қатысушылары арасында бөлінген», — деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.
ҚМА нақтылағандай, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.