Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол «Қазір айтайық» ток-шоуында қазақтың бұрынғы той дәстүрі мен қазіргі тойлардың айырмашылығына тоқталды.
«Мен кішкентай кезімде қазақтар тек сенбі, жексенбі күні ғана тойлайтын. Қалған бес күнде мүлде той жасамайтын. Қыз ұзату деген той мүлде болмаған. Оны 2010 жылдан бері қарай естідім. Оның алдында қыз бен жігіт жақ қосылып, бірге үйлену тойын жасайтын.
Сүндет той, бесік той, тілашар, 50 жас, 60 жас, күміс той, алтын той, мектепке бару, мектепті бітіру, әскерден келу деген тойлар толып жатыр. Өкінішке қарай, адам түсініп болмайды. Маңғыстауда біреу “қажылыққа 100 рет бардым” деп 500 адам жинап, той жасады», – деді ол.
Қоғам белсендісінің бұл ойына желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қазіргі тойлардың санын қысқарту керек деген пікір білдірсе, енді бірі қазақ халқында қыз ұзату дәстүрі бұрыннан болғанын жазды. Кейбір желі қолданушылары тарихи деректерге сүйенбей мұндай тұжырым жасауға болмайтынын атап өтті.


