Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Еске салсақ, Нұрай 11 қаңтар күні кешке үйінің маңында қаза тапқан. Іс материалдарына сәйкес, Аймахан қызға 35 рет пышақ жарақатын салғаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Екі күннен кейін ол Шымкент маңында ұсталды.
Сот барысында Аймахан тек 6–7 рет соққы жасағанын ғана есінде сақтағанын айтқан. Бұған дейін ол Нұрайдың бірінші болып пышақпен шабуыл жасағанын мәлімдеген. Алайда кейін өзіне жарақатты өзі салғанын мойындады. Сондай-ақ сотталушы тергеу изоляторы мен психиатриялық ауруханада қысым көрсетілгенін айтып, сараптама қорытындысымен келіспеді.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, шабуыл кезінде Аймахан өз әрекетінің сипатын түсінген және аффект жағдайында болмаған.
Бұған дейін прокурор да Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрап, жазаны жеңілдетуге негіз жоқ екенін айтқан.