Жарияланды: 350

Астанада су құбырында болған апат жойылды

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада су құбырында болған апат жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Достық көшесіндегі су құбырында жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталып, 10 қарашада сағат 18.00-де су қамтамасыздығы қалпына келтірілді. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТЖМ мәліметінше, Астананың Сарыарқа ауданы Достық көшесінде 9 қарашада сағат 20.45-те диаметрі 300 миллиметрлік су құбырының жарылуы салдарынан Достық көшесіндегі алты тұрғын үй, Бөгенбай даңғылындағы екі үй мен "Шапағат" коммуналдық базары сусыз қалды. Жөндеу жұмыстарын "АстанаСуАрнасы" ҚКК апаттық тобы жүргізді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін