Астанада су құбырының жарылуынан 14 үй сусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада су құбырының жарылуынан 14 үй сусыз қалды

Астанада су құбырының жарылуынан 14 үй сусыз қалды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада су құбырының жарылуынан 14 үй сусыз қалды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Маусым 2008
  • 332
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, 1 маусымда 10 сағат 30 минутта диаметрі 300 мм су құбырының жарылуынан 14 үй сусыз қалды.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, төтенше жағдайды жою жұмыстарына «АстанаСуАрнасы» МКК апатты жою тобының 4 адамы және 1 арнайы техникасы жұмылдырылды. 2 маусымда 01 сағат 15 минутта қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті