Оның айтуынша, су тарифтерінің көтерілуі осы саладағы кәсіпорындарды жаңарту жұмысымен тығыз байланысты. «Осыған орай, арнайы инвестициялық бағдарлама да бар. Оның көлемі 4 млрд. 97 млн. теңгені құрап отыр. Бұл бағдарлама әлі аяқталған жоқ. Алайда қазірдің өзінде оның оң нәтижелері байқалып жатыр. Мәселен, техникалық шығындар 22 пайыздан 19 пайызға азайса, құрал-жабдықтардың ескіруі 2 пайызға төмендеген», — дейді Р.Ахметов.